Есік жері
Ілі Алатауының бөктерінде орналасқан Есік аңғары әртүрлі таңғажайып аңыз әңгімелерге арқау болған. Осы бірегей әрі қайталанбас сұлу өңір VI-VII ғасырларда Ұлы Жібек жолының ең жанданған бөлігі болғандықтан, бұл жерге ерекше қасиет пен күш сіңген. Қазіргі Қазақстанның символына айналған атақты «Алтын адам» да осы Есік алқабынан табылған.