Есік жері

Ілі Алатауының бөктерінде орналасқан Есік аңғары әртүрлі таңғажайып аңыз әңгімелерге арқау болған. Осы бірегей әрі қайталанбас сұлу өңір VI-VII ғасырларда Ұлы Жібек жолының ең жанданған бөлігі болғандықтан, бұл жерге ерекше қасиет пен күш сіңген. Қазіргі Қазақстанның символына айналған атақты «Алтын адам» да осы Есік алқабынан табылған.

Қазақстан—Алма-Ата, Алматы облысы алманың отаны болып табылады, яғни әлемдегі алма атаулының генетикалық тамыры осында жатыр. Демек, біздегі алманың генетикалық сұрыптары әртүрлі аурулардың штамдарына тұрақты. Осының айналасында кең ауқымды өндірісті ұйымдастыру, алманың осы сұрыптарын қайта өңдеу мен өндіруге шағын және орта бизнесті тарту және осы алмалардың генетикалық сұрыптарын сақтап қалып, кейінгі ұрпаққа табыстау – кең ауқымды ресурсты қамтамасыз етеді.

Н.А.Назарбаев

Ассортимент

Компания туралы

Шарап зауытының меншікті алма бақтары теңіз деңгейінен 800-850 метр биіктікте Іле Алатауының етегіндегі таңғажайып жерде орналасқан. Шикізат базасының болуы табиғи, жоғары сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді.

Menu