Сиверс алма бағы – Оксфорд университеті (Ұлыбритания) ғалымдарының ДНҚ-зерттеулеріне сәйкес барлық алманың арғы атасы.

Malus Sieversii деген атау алма бағына 1792-1794 ж. Орта Азияға экспедициясы кезінде осы алма ағашын алғаш рет сипаттап берген петербург ботанигі Иоганна Сиверстің құрметіне берілген. Ол өзінің жазбаларында Тарбағатай тауларында тамыры терең, құрғақшылық пен суыққа төзімді, осы түр үшін ерекше өмір сүру ұзақтығына ие алма ағаштарын тапқанын жазған.

Аймақ Жанғалиев ұлы ғалым болғанына қарамастан тып-тыныш өмір сүріп, жұмыс істеген. Сондықтан оның Сиверс жабайы алма бағының алма бақтарының арғы атасы болғанын әлемде паш етіп, оның гендік қорын сақтап қалғанын, ондаған жеміс түрлерін жасап шығарып, олардың әлі күнге дейін өз өнімін беріп келе жатқанын бірі білсе, бірі біле бермейді.

Сиверс алма бағының барлығына дерлік алманың заманауи сұрыптарының арғы атасы болып табылуы мүмкін деген болжам ашылған сәттен бастап бірнеше рет туындады. Бірақ, бұл туралы 1930 жылдың басында ғана белгілі биолог әрі екпе өсімдіктерінің шығу тегінің орталықтары туралы ілімнің негізін қалаған Николай Иванович Вавиловтың бастамасымен сөз қозғала бастады. Ағаштың отаны-Қазақстанда бұл ілімді Вавиловтың ізбасары, қазақстандық ғалым Аймақ Жанғалиев жалғастырып, ол 2009 жылы қайтыс болар сәтіне дейін Сиверс алма бақтарын өсірумен және сақтап қалумен шұғылданды. Ақырында заманауи гендік зерттеулер Сиверс алма бағының алманың көптеген екпе сұрыптарының арғы атасы болып табылатынын, ал олардың шығу тегінің әлемдік орталығы Жетісу өңірі екенін растады.

Жанғалиев көптеген ғылыми мақалалар, кітапшалар жазды, ал ғалымның «Қазақстанның жабайы жеміс өсімдіктері» және «Қазақстанның жабайы алма бағы» деп аталатын екі ірі монографиясы ағылшын тіліне аударылып, отандық ғана емес, шетелдік ғалымдар үшін де таптырмас нұсқаулыққа айналды.

Аймақ Жанғалиевтің пікірінше, Сиверс алма бағы – Жер бетінде теңдесі жоқ бірегей көрініс. Тағы айта кететін жәйт, атақты алматы Апорты осы жабайы алма бағының арқасында Сиверс және Недзвецкий алма бақтарын будандастыру арқылы дүниеге келген.

Аймақ Жанғалиев құрған коллекциялық бақтар шын мәнінде Қазақстан өсімдіктерінің теңдесі жоқ гендік қорын сақтап қалу мен күтіп ұстау орталығына айналған. Ғалым жабайы алманың 27 клон- сұрпын және қарапайым сары өріктің 16 клон сұрпын әзірлеп, 43 өнертабыс патентін алды. Бірақ, оның басты еңбегі, әрине, Сиверс алма бағы болды, ғалым оны Қызыл кітапқа енгізіп, бүкіл әлемге оның гендік тұрғыда жер бетіндегі бүкіл алманың арғы атасы болып табылатынын дәлелдеді.

Menu