Тарихы

Есік аңғары – Ілі Алатауы жотасының тау бөктеріндегі таңғажайып әрі теңдесі жоқ жер. Теңіз деңгейінен 850 м биіктікте орналасқан, климаттық жағдайы өте оңтайлы тамаша өзіндік арал секілді.

Бұл өңір тарихының тамыры талай ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жылнамаға сүйенсек, бұл аңғар VI–VII ғасырларда Ұлы Жібек жолының ең жанданған телімі болған. Өркениеттердің мың жылдық тілдесуі мәдени мұрада өзінің айқын өшпес ізін қадырды, оның көптеген мысалдардан көруге болады. Мысалы, археологтар бұл жерден алтын сауыт-сайманмен жасақталған сақ жауынгерінің- әлемге танымал «Алтын адамның» қабірін тапты.

«Есік» шарап зауытының тарихы 1932 жылдан басталады, ол бүгінгі таңда Қазақстандағы ең байырлы шарап өндіруші. Оның жеке меншік жүзімдіктері 280 гектардан астам жерді алып жатыр. Есік аңғарының географиялық, топырақ-климаттық жағдайларының, сондай-ақ шарап жасаушылардың асқан шеберлігінің арқасында шараптың қайталанбайтын өзіне тән ерекшелігі мен тіл үйіретін дәмін сақтап қалу мүмкін болды.

1932 жыл
1963 жыл
1968 жыл
1985 жыл
1998 жыл
2007 жыл
2009 жыл
2018 жыл

1932 жыл

«Есік» жеміс-жүзім совхозының негізі қаланды

1963 жыл

Есік өзені аңғарындағы сел

1968 жыл

«Есік» жеміс-жүзім совхозын қалпына келтіру

1985 жыл

КСРО-ң алкогольге қарсы кампаниясы, өнімді сатуға шектеулердің қойылуы

1998 жыл

өндірісті сақтап қалып, «Есік» шарап зауыты» АҚ негізін қалау

2007 жыл

Кәсіпорынды жаңарту және дербестендіру

2009 жыл

«Marcato» Azienda Agricola-мен бірге «ISSYK – MARCATO» өнімінің жаңа желісін шығару

2018 жыл

Өнім жиынтығын жаңарту және өнім желісін кеңейту. Жеміс шараптарын, сидрды, күшті алкогольді шығару ісі жөнге қойылды

Жүзімдіктермен қатар алма бақтары да тізіле қатарласқан. Бұл-шарап зауытының мақтанышы. Олардың алуан түрлі болуы сидр өндірісін ретке келтіруге мүмкіндік берді, бұл- өзінің хош иісімен және тіл үйіретін дәмімен ерекшеленетін теңгерімді сусын, оны сондай-ақ жабайы алма сұрыптарынан да дайындайды (Malus Sieversii.).

Сиверса алма ағашы (Sieversii) Оксфорд университеті (Ұлыбритания) ғалымдарының ДНҚ зерттеулеріне сәйкес барлық алма атаулының түп атасы болып табылады. Malus Sieversii деген атауға алма ағашы 1972-1794 жылдары өзінің Орта Азияға экспедициясы кезінде оны алғаш сипаттаған петербургтік ботаник Иоганн Сиверстің құрметіне ие болды.

Қазақстан – Алма-Ата, Алматы облысы алманың бастауы, яғни әлем алмаларының генетикалық тамыры осында.

Бұл дегеніміз – бұл әртүрлі аурулардың штамдарына төзімді біздің сорттарымыз.

Айналасында үлкен өндіріс ұйымдастырыңыз, алма өңдеуге және өндіруге шағын және орта бизнесті тартыңыз, генетикалық сорттарын ауыстырыңыз….

Н.А. Назарбаев

Компания туралы

Нарықта бәсекелесу үшін, өндіріс көлемін және тұрақты сапаны сақтап тұру үшін «Есік» шарап зауыты модернизация жүргізіп, ескі жабдығын жаңартты.

Бүгінгі таңда зауыттың бірнеше санатта ұсынылған өнімімен аты шыққан:

  • Жүзім желісі
  • Жеміс-жидек желісі
  • Күшті алкоголь

Кәсіпорында көшет өндірісінен бастап жүзімді қайта өңдеуге, шарапты бабына келтіруге және дистрибьюция жүйесіне дейінгі шарап жасау ісінің толық циклі жүзеге асырылады. Жеке меншік шикізат базасы мүмкіндіктерді кеңейтіп, табиғи және жоғары сапалы өнім шығаруға ықпал етеді.

«Есік» шарап зауыты – еуропалық жабдық, заманауи өндіру әдістері, жаңашылдықтар, шарап ісінде жинақталған дәстүрлі мол тәжірибе, осының барлығы өнімнің мол жиынтығын шығарып қана қоймай, оларды жоғары сапалы етіп дайындауға мүмкіндік береді.

Есік аңғарының географиялық, геологиялық, топырақ ерекшеліктері мен микроклиматы Саперави, Пино-фран, Мускат, Рислинг және Ркацители сияқты жүзім сұрыптарын өсіруге аса оңтайлы. 2007 жылы Италиядағы ең үздік тәлімбақтардан Мерло, Сира, Совиньон Блан сияқты жаңа жүзім сұрыптары жеткізіліп, Есіктің қырық гектар жеріне күтіп-бағып егілді. Көшеттерді еуропалық стандарт бойынша отырғызу үшін итальяндық бағбандар шақырылып, арнайы агрономиялық техника сатып алынды. Есік шараптарының жоғары сапасы әртүрлі шетелдік және отандық байқаулардың көптеген беделді марапаттарымен расталған.

Menu