Іле Алатауы
– Солтүстік Тянь-Шаньнің жотасында орналасқан, табиғаты өте бай әрі сұлу. Күн сайын экскурсиялық бағыттар Есік алқабы арқылы өтіп, аттас өзенге немесе одан да әрі, Түрген сарқырамасына қарай жол тартады. Шыдамды туристтер үшін шатқалдан әрі қарай Ассы үстірті орналасқан- бұл жұлдыздарды бақылауға арналған керемет жер. Экстремалды спорт түрлерінің әуесқойларына тау өзені мен суы мол өзендерде рафтингпен шұғылдануға болады.
2020 жылдан бастап «Есік» шарап зауыты шарап туризмін немесе энотуризмді (enotourism) дамытып келеді, бұл жақсы шарапты бағалаушыларға арналған жаңа бағыт : жүзімдіктерде серуендеу, шарап қоймаларына түсу мүмкіндігі, дегустация және қалауына орай жеміс жинауға қатысу.
Энотуризм бағытын дамытып, болашақта оған қазақстандықтарды да жұмылдыру жоспарда бар.
Шарап зауыты 2020 жылдың күзінде өз алма бақтарында алғашқы Жеміс мерекесін сәтті өткізді. Бұл- өте мейірімді отбасылық іс-шара, барлығы жұмыла жеміс жинады.
Аға буын жүзімдік алқабында бір айларын өткізетін КСРО-дағы жастық шақтарын қимастықпен еске алады. Ал балалар еңбекке араласып, өз танымдарын кеңейтеді, табиғатпен тілдесуді үйренеді. Жиналған жемісті өзімен бірге де алып кетіп,үйде фермерлік жеміс-жидектің шұрайлы дәміне рахаттануға болады.
Жеміс мерекесі – таудың таза ауасына, отта піскен тағамға және ат серуеніне масаттанатын жыл сайынғы оқиға және шаттықпен жеміс жинау кезеңі. Бір күнге созылатын сауықтыру бағдарламасы, фотоға түсуге арналған аймақ, кішкентай қонақтарға арналған аниматорлар- осының барлығы бірін-бірі толықтырып, мерекелік көңіл-күй тудырады.