Тарихы
Есік аңғары – Ілі Алатауы жотасының тау бөктеріндегі таңғажайып әрі теңдесі жоқ жер. Теңіз деңгейінен 850 м биіктікте орналасқан, климаттық жағдайы өте оңтайлы тамаша өзіндік арал секілді.
Бұл өңір тарихының тамыры талай ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жылнамаға сүйенсек, бұл аңғар VI–VII ғасырларда Ұлы Жібек жолының ең жанданған телімі болған. Өркениеттердің мың жылдық тілдесуі мәдени мұрада өзінің айқын өшпес ізін қадырды, оның көптеген мысалдардан көруге болады. Мысалы, археологтар бұл жерден алтын сауыт-сайманмен жасақталған сақ жауынгерінің- әлемге танымал «Алтын адамның» қабірін тапты.